Wabtec басшысымен кездесуде еліміздің теміржол саласына «жасыл» технологияларды енгізу мәселесі қаралды

Жаңалықтар
01.11.2024, 09:46

Олжас Бектенов Wabtec америкалық компаниясының президенті Рафаэль Сантанамен кездесу барысында теміржол саласына «жасыл»  технологияларды енгізу мәселелері қаралды. Компания Қазақстанның ұзақмерзімді инвестициялық серіктесі саналады әрі елімізде локомотивтер өндірісін локализациялауды дамытуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

«Локомотив құрастыру зауыты» – Орталық Азиядағы теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы көшбасшы. Зауыт ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Моңғолия және басқа да елдерге экспортталатын жүк, жолаушылар және маневрлік локомотивтер шығарады. Зауытта 800-ден астам жұмыс орны ашылды. Қызметкерлер АҚШ-та өндірістен қол үзбей оқытылады, содан кейін аймақтық және жаһандық жобаларға қатысады. Биылғы маусым айында Астанада жаңа инженерлік орталық ашылды, онда баламалы энергия көздерінде «жасыл» локомотивтер өндіру жұмысы жүргізілуде. Жалпы, компания 2027 жылдан бастап келесі 10 жыл ішінде баламалы отын түрлерін қолдана отырып, жаңа өнімдерді дамытуға шамамен $200 млн инвестиция салуға ниетті.

«Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанның негізгі Еуразиялық транзиттік хаб ретінде елдік позицияларды нығайтуға бағытталғанын атап көрсетті. Біздің елімізде көлік-логистикалық секторды дамытуға, инфрақұрылымды жаңартуға және машина жасауды локализациялауға ерекше назар аударылады. Біз өндірісті локализациялауға бағытталған бизнес бастамаларын жоғары бағалаймыз және осындай компанияларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Мұндай жобаларды іске асыру Қазақстанға локомотивтерді өндіру және жаңғырту хабына айналуға және жеткізушілердің жаһандық тізбегіне енуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Дильназ Айдарбекова

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты