Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымның жай-күйін тексеру барысында еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Rail-news. kz.

Кезекті жұмыс сапары аясында министр бүгін Қызылорда облысына барды. Мұнда Көлік министрі облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдауда.

Министрдің сапары Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында жалғасады.