Мерекелік наградалар табыс етілді

Жаңалықтар
13.12.2024, 09:18
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Магистральдық желі дирекциясының бизнес серіктестері мен бір топ қызметкері «Қазақстан темір жолына – 120 жыл», «Адал еңбегі үшін» және «Үздік маман» төсбелгілерімен марапатталды.

– 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғары Кеңесі «Тәуелсіздік және мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол себептен бұл күн – тұтас бір ұлттың арманы орындалған маңызды мереке. ҚТЖ қызметкерлері ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Бүгін біз Магистральдық желі дирекциясы қызметкерлері мен дирекцияның бизнес серіктестерінің ерен еңбектерін бағалап, айтулы мереке қарсаңында марапаттауды жөн көрдік, – деді Магистральдық желі дирекциясының директоры Сакен Маратов.

«Қазақстан темір жолына-120 жыл» мерекелік медалімен Дирекцияның серіктестері – «Ақтөбе рельсарқалық зауыты», «TCS Engineering», «Alageum Electric», «Qaz Rail Automatic», «Проммаш kz», «Теміржол жөндеу», «Integra Construction KZ», «Казцентрэлектропровод», «Жанатас KZ», «Drive Industry», «Проект ЭнС» ЖШС-лары мен Әскери қатынас бас басқармасы өкілдері мен дирекция департаменттерінің басшылары марапатталды.  

Ал теміржол саласының дамуына үлкен үлес қосқан мамандар қатарында – Тариф саясаты директорының департаменті Гүлмира Рахимбековаға, Электрлендіру және энергетика департаментінің бас менеджері Асқар Жақыпбековке «Адал еңбегі үшін», Техникалық даму департаментінің менеджері Гүлнар Ажмұхановаға, Материалдық базалар департаментінің менеджері Ардақ Катреновке «Үздік маман» төсбелгілері табыс етілді.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды