Астанада жастар құрылтайы өтті

Жаңалықтар
13.12.2024, 09:10
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ХІІІ республикалық жастар форумының ресми ашылу салтанаты өтті. Үш күн бойы Астананы дүбірге бөлеген жиынға өңірлерден 250-ге жуық жастар қатысты. Форумның беташарын арнайы киім киген жүзден аса жас «Еңбек адамы – ҚТЖ құндылығы» флешмобымен ашты. Осылайша олар 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылына қолдау білдірді.

Форумның ашылу салтанатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әкімшілік ғимаратының 3-қабатындағы мәжіліс залының фойесіне қойылған жастардың әртүрлі жобалары қонақтар мен сарапшылар назарына ұсынылды. Биыл 37 жобаның арасынан ең үздік деп танылған 15 жоба іріктеліп алыныпты. Жобаны әзірлеген командалардың көшбасшылары жобаның мақсаты, шешімі, күтіліп отырған нәтижесі және ағымдық мәртебесі туралы қысқаша баяндады.

«ҚТЖ жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Білікті мамандарды даярлау және олардың бастамаларына қолдау білдіру – Компанияның даму стратегиясының және кадр саясатының маңызды құраушы жиынтығы. Сондықтан бүгінгі форум ақпарат алудың, өзекті мәселелерді талқылаудың және жастарды ынталандырудың тиімді алаңы. Осы форумға жиналғандар 2024 жылы өткізілген байқаулар мен жобалардың жеңімпаздары. Әсіресе мен биыл мыңнан астам іс-шараларды өткізген біздің компания еріктілерінің ерекше еңбектерін атап өткім келеді. Сіздер бірінші болып тасқын судан зардап шеккендер мен атқарушы органдарға қолұшын бердіңіздер. Сонымен қатар волонтерлер «Таза Қазақстан» мемлекеттік бастамасының қозғаушысы бола білді. Еріктілер қозғалысын қолдау аясында компания «Корпоративтік волонтер мектебі» форумы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Үздік корпоративтік волонтері» байқауын өткізіп келеді, бұлардың баламасы «Самұрық-Қазына» портфельдік компаниялар арасында бірде-біреуінде жоқ», – деді форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев.  

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялағанын, бұл өз кезегінде өндірістік персоналды дамыту мен қолдау саласында Компания іске асырып отырған саясатқа жаңа серпін бергенін, осыған орай өндірістік персонал қатарындағы жас еңбеккерлер әртүрлі іс-шараларға, оның ішінде халықаралық шараларға қатысатынын атап өтті.  

Ресми ашылу салтанатынан кейін форум жұмысы «Жұмысшы мамандықтары жылы: Мақсат. Болжам. Іске асыру» тақырыбындағы панелдік пікіралмасуға, «Тіл құбылысының ұлттық мазмұны және мемлекеттік мәртебесі», тағысын тағы тақырыптағы шеберлік сабақтарына ұласты. Форум жұмысы жайлы толыққанды материал газеттің келесі санында жарияланады.  

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда