ҚТЖ-да локомотив паркін жаңғырту белсенді жүріп жатыр

Жаңалықтар
24.12.2024, 08:52
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ сала тынысындағы өзекті мәселелерді шешумен тұрақты түрде айналысып келеді. Оның бірі – жеткілікті локомотив паркін жасақтау.  

Қазіргі уақытта парк 1 мың 807 бірліктен тұрады. Тозу деңгейі – 61%. 2022-2023 жылдары локомотивтердің жетіспеушілік фактілері болды. Олардың қажетті санын қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 113 және биыл 185 локомотив сатып алынды. Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі, бұл тапшылықты толығымен жоюға және тозу деңгейін 61%-дан 44%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бермек. Ал вагон паркіне келетін болсақ, Қазақстан темір жолы тарапынан 3 мың ашық вагон және 2 мың платформа қосымша сатып алынып жатыр. Бүгінде нарықта 300-ден аса жеке оператор бар, олардың балансында 140 мыңға жуық жүк вагондары жұмыс жасайды және бұл парк қажетті тасымалды толық қамтамасыз етуге жеткілікті болып отыр.  

Келесі өзекті мәселенің бірі, тозу деңгейі 57%-ды құрап отырған магистралдық теміржол желісін жаңғырту. Бұл бағытта да соны серпілістер байқалуда. Мәселен, биыл 1401 км жол жөнделген. 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек, оның 2 мың 800 шақырымында тиісті жұмыстар аяқталған. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 5 мың шақырымды құрайтын жаңа және екінші жолдардың құрылысы жүргізілмек. Бүгінде оның 1,3 мың км салынып жатыр, сондай-ақ келешек еншісіне 2 мың 600 шақырымға автоблокировканы енгізу және 184 станцияны модернизациялау жоспарланған.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты