«Қазақстан темір жолы» жыл қорытындысын шығарды

Жаңалықтар
30.12.2024, 11:05

2024 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты даму ұстанымын сақтап қалды. Компания жүктерді және жолаушыларды тұрақты тасымалдап, әлеуметтік міндеттемелерді сақтады, ауқымды жобаларды іске асырды, жаңа логистикалық шешімдер тапты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Жүк айналымында оң динамика сақталды, ол 272 млрд тонна-километрді құрады. Контейнерлік транзит сенімді қарқынмен өсуде, ол 1,4 млн ЖФЭ-ге жетті. Биыл ҚХР-мен тасымалдау жоспары мерзімінен бұрын орындалды. Қазақстан-Қытай түйіспелері арқылы тасымалдау көлемі шамамен 31,8 млн. тоннаға жетті, бұл 2023 жылдан 12% артық. Оның ішінде, Қазақстаннан экспорт 8,8% артып, 13,7 млн тоннаны құрады.  

ҚТЖ қызметінің негізгі бағыттарының бірі инфрақұрылымды жаңғырту болды. 1400 км-ден астам жол жөндеудің әр түрлерімен жаңартылды. 1 мың шақырымнан астам жаңа темір жол құрылысы (Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал, Алматы станциясының айналма жолы) жалғасты. Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші жолды және Алматыны айналып өтетін теміржол желісін келесі жылы аяқтау жоспарлануда.  

Инфрақұрылымдық жобалар іске қосылғаннан кейін транзиттің екі есеге – жылына 55 млн тоннаға дейін ұлғаюы болжануда. Қазақстандық дәліздерге жүк ағындарын тарту үшін компания терминалдық желіні кеңейтеді. Қазірдің өзінде бар 5 терминал (Ляньюньган порты, Сиань қаласындағы Құрғақ порт, Достық станциясындағы терминал, Khorgos Gateway Құрғақ порты, Құрық портындағы паром кешені) алдағы екі жылда тағы 9-мен толықтырады. Ағымдағы жылы Алматы қаласында, Әзірбайжанның Алят теңіз портында, Венгрия астанасы – Будапештте, Мәскеу маңындағы Селятино кентінде терминалдар құрылысы басталды. Қытайлық серіктес – Ляньюньган портымен бірлесіп, Ақтау портында контейнерлік хаб салу басталды.

Айта кету керек, 2024 жылы іске қосылған Сиань қаласының құрғақ портындағы қазақстандық-қытайлық терминал Транскаспий бағдары бойынша Қытайдан транзитті 30 есеге арттыруға мүмкіндік берді.  

Сингапурлық PSA-мен ынтымақтастықта әзірленген жіксіз цифрлық дәліз маршруттағы Қазақстанның рөлін күшейтуде. Жүк тасымалы саласындағы клиенттік сервисті толық цифрландыруды «Бірыңғай цифрлық терезе» қамтамасыз етсе, ҚТЖ бұнда компанияның еншілес кәсіпорындарының барлық коммерциялық функцияларын біріктірді. Жүйе уақытты үнемдейді және тасымалдау процесін мүмкіндігінше ашық етеді.  

ҚТЖ-ның операциялық және қаржылық тұрақтылығын Fitch, S&P халықаралық рейтингтік агенттіктері тағы да растады.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда