Шэньси провинциясы транзиттік тасымалды дамытуға 2,5 млрд юань инвестиция салады

Жаңалықтар
22.02.2025, 13:04

2025 жылғы 22 ақпанда Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Кездесу барысында тараптар бірлескен логистикалық жобалардың сәтті іске асырылып жатқанын атап өтіп, болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Биыл Алматы қаласындағы жаңа логистикалық кешен (ГТС-2), Мәскеу облысындағы Селятино станциясында орналасатын CRK Terminal логистикалық орталығы және Әзербайжандағы Алят портының терминалы сияқты үш ірі жоба іске қосылады.

Сондай-ақ, жүк тасымалы көлемін ұлғайту және халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелері талқыланды. 2025 жылы Шэньси провинциясы Қытай – Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздардың дамуына 2,5 млрд юань инвестиция бөледі. Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен 3000 контейнерлік пойыздың жөнелтілуі жоспарланған.

Кездесу барысында 2025 жылдың маңызды оқиғалары да талқыланды. Қытайдың Қазақстандағы Туризм жылын қолдау аясында Сиань – Алматы бағыты бойынша алғашқы жолаушылар туристік пойызы іске қосылады. Бұдан бөлек, Қытай – Еуропа бағыты бойынша Транскаспий халықаралық көлік дәлізі (ТМТМ) арқылы мерейтойлық контейнерлік пойызды жөнелту рәсіміне дайындық және Сиань қаласында өтетін халықаралық көлік-логистика форумдарына Қазақстан тарапынан қатысу мәселелері қаралды.

Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады