Шығыстар айтарлықтай төмендеді

Жаңалықтар
25.02.2025, 08:33
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жылы тепловоздарды жабдықтауға байланысты активтер мемлекеттің бақылауына қайтарылып, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Отын ресурстары орталығы» филиалы құрылған болатын. Бұл тепловоздарға дизель отынын құю жөніндегі қызметтер кешеніне арналған шығыстарды 37% төмендетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, алдыңғы жылмен салыстырғанда Отын ресурс орталығы орталық қоймаларында дизель отынын сақтаудан 1,2 млрд теңге үнеміне қол жеткізді. Қосымша алымдар бойынша шығындар 88,6% азайды. Бұл логистикалық процестерді оңтайландыру, соның ішінде қойма логистикасын тиімді басқару, жөнелтуді жоспарлауды жақсарту, дизель отыны бар вагондарды дәл қадағалау және оларды жанармай қоймаларына тарату арқылы мүмкін болған. 2024 жылы Орталықтың жалға берілген сыйымдылықтары мен резервуарларының жалпы көлемі 755 мың тоннадан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда жалдау табысын екі есеге арттыруға мүмкіндік берді.  

Отын ресурстары орталығы отын қоймаларындағы объектілерді жөндеумен белсенді айналысуда, себебі олардың көпшілігі бірнеше жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген. Сондай-ақ, орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.  

Отын ресурстары орталығы еліміздің бүкіл аумағында орналасқан 54 отын қоймасын басқарады. Дизель отынын және басқа да жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған резервуар паркінің жалпы сыйымдылығы 285 мың текше метрден асады. Ашық қоймалардың ауданы бір мезгілде 116 мың тоннаға дейін көмір мен басқа да сусымалы және таратылған жүктерді сақтауға мүмкіндік береді. Резервуарлар мен қоймалар магистральдық темір жолдарына жақын орналасқан, бұл сақталған жүктерді жеткізуді едәуір жылдамдатады және жанар-жағар маймен басқа да материалдарды сақтау кезінде операциялық шығындарды азайтады.  

2025 жылға Отын ресурстары орталығында бекітілген Жол картасы шеңберінде жұмысты автоматтандыру бойынша міндеттер қойылып отыр. Қоймалардың инфрақұрылымын жаңғырту және жұмысшылар мен инженерлік-техникалық персонал үшін еңбек жағдайларын жақсарту да жұмыстың маңызды басымдығы болып қала береді. Орталықта бүкіл ел бойынша 1235 жоғары білікті маманнан тұратын ұжым еңбек көрігін қыздыруда. Бүгінгі таңда Отын ресурстары орталығы – локомотивтерді дизель отынымен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін Қазақстандағы жалғыз оператор болып отыр.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға