Көлік министрі Екібастұз қаласындағы күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалына барды

Жаңалықтар
10.03.2025, 13:07

Премьер-министрдің еліміздегі 50-ден астам теміржол вокзалын жаңарту жөніндегі тапсырмасы аясында көлік министрі Марат Қарабаев биыл күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған Екібастұз қаласындағы теміржол вокзалына барды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Күрделі жөндеу жұмыстары барысында мынадай жұмыстар атқарылды:  

- Ғимараттың қасбеті толық жаңартылып, қаптау материалы ауыстырылды, қабырғалар оқшауланып, кіреберіс кеңейтілді;  

- Жаңа терезе ойықтары мен витраждар орнатылды;  

- Ішкі инженерлік желілер толықтай жаңартылды: жылу жүйесі, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау және өрт қауіпсіздігі сигнализациясы орнатылды;  

- Екі жолаушылар лифті орнатылды;  

- Желдету жүйесі жаңғыртылды;  

- Билет кассалары, күту аймағы, фудкорт және балалар аймағы жөндеуден өтті: еден жабындары, қабырғалар мен төбелер жаңартылды;  

- Аумағы 1300 шаршы метр болатын гранит төселді;  

- Перрон жабыны жаңартылып, вокзал ғимаратының алдындағы тас төсеніштер ауыстырылды, нөсерлік кәріз жүйесі орнатылды;  

Бүгінгі таңда бұл вокзал арқылы 8 жұп жолаушылар пойызы қатынайды, олардың  ішінде 2 жұбы қала маңына тасымалдайды.  

Бұдан бөлек, биыл Екібастұз қаласында теміржол көлігін жасау саласын дамытуға бағытталған жаңа зауыт ашылмақ.  

Жұмыс сапары барысында Марат Қарабаев RailCast Systems зауытына барып, ірі өнеркәсіптік жобаның құрылысымен танысты.  

RailCast Systems – еліміздегі теміржол осьтерінің дайындамалары, бандаждары және штампталған бөлшектерін шығаратын жалғыз заманауи зауыт. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 160 900 бірлікті құрайды. Зауыт іске қосылғаннан кейін шамамен 550 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.  

Қазіргі таңда мұнда жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Зауытты іске қосу осы жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді