Кәсіподақ қызметіне баға берді

Жаңалықтар
08.04.2025, 08:44
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінде кәсіподақ комитетінің есепті-сайлау конференциясы өтті. Шараға «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС филиалы кәсіподағының төрағасы Ермек Төлегенов арнайы келіп қатысты.

Конференция барысында НОД-ЖТ кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Берікболова баяндама жасап, өткен жылғы атқарылған іс-шараларға кеңінен тоқталды. Әлеуметтік сала, спорт, қайырымдылық, ұжымдық шарт аясындағы жұмыстар жайын сөз еткен Айгүл Мырзағалиқызы алдағы жоспарлармен де бөлісті.  

– Бүгінде бөлімшенің Семей өңірі бойынша 2088 адам – кәсіподақ мүшесі. Өткен жылы жаңадан 78 адам кәсіподақ мүшелігіне қабылданды. Жалпы, өткен жылы жергілікті кәсіподақ тарапынан атқарылған іс аз емес. Балалар екі рет Астанаға ұшақпен барып қайтты. Лагерь жұмысы оңынан жолға қойылған. Ардагерлер де назардан тыс қалған жоқ, – деп атап өткен Айгүл Мырзағалиқызы әсіресе спорт саласы бойынша жұмыстар қарқынды екенін жеткізді. Түрлі спорттық сайыстар тұрақты түрде өткізіліп, жергілікті спортшылар республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындар иемденгені белгілі болды.  

Сонымен қатар бөлімше теміржолшыларының бұқаралық спорт түрлерімен тұрақты айналысуы үшін өткен жылдың соңында 896 мың теңгеге түрлі спорттық құрал-жабдықтар алыныпты. Қазіргі күні спортзал қайта жаңартылуда. Өткен жылы түрлі себептер бойынша өтініш білдірген кәсіподақтың 81 мүшесіне қайырымдылық көмек жасалған. Оның сыртында қымбат бағалы операциялар мен дәрі-дәрмектер алу үшін және емделуге 1 514 500 теңге қаржы берілген.  

Жиын барысында сөз алған Ермек Нақыпбекұлы теміржолшылар игілігі жолындағы кәсіподақ қызметі жайында кеңінен сөз етті. «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов та пікірін білдірді.  

Есептік жиынға қатысушылар кәсіподақ жетекшісінің жұмысын оң бағалап, сайлау нәтижесі бойынша бөлімше кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Айгүл Мырзағалиқызы қайтадан сайланды.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті