4 маусым күні Мюнхен қаласында Орталық Азияға арналған «Global Gateway» бастамасын Транскаспий дәлізінде іске асыру тақырыбына арналған сессия өтті.  Іс-шараға Қазақстан Республикасы көлік министрі Марат Қарабаев Еуропалық Одақпен қатар құрметті қонақ ретінде қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараны Германияның Rhenus Group компаниясы ұйымдастырып, оған үкіметке тиесілі және жекеменшік компаниялар қатысты.

Сессия ТХКБ-ны еуропалық компаниялармен бірлесе дамытуға және «Global Gateway» бастамасы аясындағы жобаларды іске асыру жоспарларымен бөлісуге мүмкіндік берді.

Сессия аясында "ҚТЖ" ҰК"АҚ" және "Сары-Арқа" халықаралық әуежайының ақпараттық стендтары таныстырылды.