Ақтауда Каспий теңізі акваториясындағы ең ірі контейнерлік хаб жұмыс істей бастады

Жаңалықтар
09.06.2025, 21:40

Мемлекет басшысының 2023 жылғы қыркүйектегі тапсырмасы бойынша салынған контейнерлік хаб мерзімінен бұрын пайдалануға берілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Жобаны "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ("KTZ Express" АҚ еншілес компаниясы атынан) Ляньюньган портымен (Қытайдың ірі порттарының бірі) және "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК" АҚ бірлесіп іске асырды.  

Контейнерлік хабтың ашылу рәсімі Маңғыстау облысы әкімінің, "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының, халықаралық серіктестер мен логистикалық компаниялар басшыларының қатысуымен өтті. Еңбегі мен үлесі бастаманы сәтті жүзеге асыруға ықпал еткен жоба қатысушылары марапаттарға ие болды.  

"Жобаға қатысқандардың барлығына алғысымды білдіремін. Транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту - елдің стратегиялық мақсаттарының бірі. Бұл бағытта "Самұрық-Қазына" АҚ мен ҚТЖ бірлесіп Қазақстанда ғана емес, шетелде де белсенді жұмыс істейді. ҚТЖ-ның Ляньюньган портымен серіктестігінің 10 жылында Ляньюньганда қазақстандық-қытайлық терминал, Khorgos Gateway Құрғақ порты, ал қазір Ақтауда контейнерлік хаб ашылды. Бұл жоба Қазақстанда көлік пен логистиканы дамытудағы маңызды қадам", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов.  

Жаңа хаб транзиттік мүмкіндіктердің өсуін қамтамасыз етеді және Қазақстанның Шығыс - Батыс, сондай - ақ Солтүстік - Оңтүстік және басқа да халықаралық маршруттардағы маңызды буын ретіндегі позициясын нығайтады. Қазақстанда баламасы жоқ озық технологияларды қамтитын заманауи логистикалық инфрақұрылым контейнерлік жүктерді өңдеуді едәуір жеделдетеді.

Нысан жұмысының басталуы Қытайдан ТХКБ маршруты бойынша 100 мыңыншы контейнердің келуімен атап өтілді.  

Анықтама: Жобаның бас мердігері China Communications Construction Company (CCCC) консорциумы болды. Бұл көлік инфрақұрылымы нысандарын салуға маманданған және порт құрылысы саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар Қытайдың ірі мемлекеттік корпорацияларының бірі. Оның техникалық сараптамасы мен құрылысты басқарудың кешенді тәсілінің арқасында объект қысқа мерзімде іске асырылды.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты