Кәсіби мамандарға құрмет

Жаңалықтар
24.06.2025, 08:53
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның сенімді серіктестерінің бірі «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің үш қызметкері «Үздік еңбек адамы» төсбелгісіне ие болды.  

Бұл – Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына көрсетіліп отырған құрмет пен сенімнің бір көрінісі. Өндіріс игілігі үшін адал тер төгіп жүрген жандарға алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі.  

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығы бірлесе отырып ұйымдастырған «Еңбек озаты» атты республикалық патриоттық байқаудың да көздегені осы – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру. Елімізде адал еңбек етіп, өз мамандығының хас шебері атанған және елдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау және жастарға үлгі ету.  

Екі кезеңнен тұрған байқау нәтижесінде «Қамқор Локомотив» ЖШС қызметкерлері жеңімпаздар қатарынан орын алды. Олар: Ақтөбе ЛЖД жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь-электригі Руслан Жаңабергенов, Шалқар СО жылжымалы құрамды жөндеу электр слесарі Ерлан Раев, Аягөз ЛЖД жылжымалы құрамды жөндеу слесарі Аманғазы Рахымжанов.  

«Үздік еңбек адамы» құрметті төсбелгісінің иегерлеріне дипломдар мен естелік мүсіндер тарту етілді.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға