Астанада көлік, логистика көшбасшыларының басын біріктірген халықаралық көрме өтіп жатыр

Жаңалықтар
26.06.2025, 11:58

25 маусым күні Астанадағы «Expo» халықаралық көрме орталығында Komtrans+BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technologies Astana 2025 халықаралық көрменің ресми ашылу өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Komtrans+BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technologies Astana (ECT Astana) 2025 — көлік, логистика және құрылыс индустриясының көшбасшыларын біріктіретін ауқымды салалық шара.

Көрменің ашылу рәсімінде «KAZLOGISTICS» Көлік логистикасының одағы» ЗТБ бас директоры Қанат Әлмағамбетов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Көрмеден бөлек, қонақтарды саланың жетекші сарапшылары қатысатын мазмұнды іскерлік бағдарлама күтіп тұр.

Іскерлік бағдарламаның негізгі тақырыптары:

- Өңірлік логистикалық дәліздер және олардың экономикаға әсері;

- Автокөлік тасымалындағы кедергілер және цифрлық шешімдер;

- Жұмысшы мамандықтар жылы: кадрлар — стратегиялық ресурс;

- Қазақстандағы автопаркті жаңарту: лизинг, мемлекеттік қолдау және халықаралық тәжірибе.

Талқылауға ҚР Көлік министрлігі, «KAZLOGISTICS» КЛО, KazGrain, KAZAKH INVEST, Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), QazTrade өкілдері, сондай-ақ логистика, цифрландыру және кадр дайындау салаларындағы жетекші сарапшылар қатысуда.

Назар аударылатын басты бағыттар:

- Қазақстанның жаһандық жүк ағындарындағы рөлі;

- Геосаяси жағдайдың транзитке әсері;

- Орталық Азияның халықаралық көлік тізбектеріне интеграциясы;

- Отандық тасымалдаушыларды қолдау және жұмысшы мамандықтарын насихаттау.

Көрме аясында экспоненттердің маркетологтары арасында өтетін Marketing Icon Award байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Komtrans+BUSexpo Astana және ECT Astana 2025 — бұл жай ғана көрмелер емес, Қазақстан мен өңір экономикасының негізгі салаларын түрлендіруге арналған диалог, серіктестік пен даму алаңы.

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда