Теміржол қаһармандары – ҚТЖ LED-экранында

Жаңалықтар
28.07.2025, 09:32

Теміржол көлігі қызметкерлері күні қарсаңында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ әкімшілік ғимаратының LED-экранында "Батырлар біздің арамызда" бейнеролигі ұсынылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Онда сыни және стандартты емес жағдайларда өзін көрсеткен 30 теміржолшы туралы айтылады. Бұл жұмысшылар тасымалдау процесінде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін оқиғалардың алдын алу арқылы жоғары кәсіпқойлықты, жауапкершілікті және тәртіпті көрсетті.

Бейнероликте жедел ден қою, біліктілік және берілгендік арқылы төтенше жағдайлардың, авариялардың, өрттердің, апаттардың алдын алған, жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен, техникалық ақауларды уақытында анықтаған, су тасқыны қаупін жойған және тіпті жолда босануға көмектескен қызметкерлердің нақты оқиғалары көрсетілген. Олар нағыз батырлар біздің арамызда жұмыс орындарында екенін дәлелдеді, күнделікті теміржол саласының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті.

Олардың ішінде – Астана  вагон пайдалану депосының вагондар ТҚП бастығы Едіге Маханов, ол жүк вагоны арбасындағы жарықшақты анықтап, ықтимал жолдан шығып кетудің алдын алды. Пресногорьковская станциясының вагон тексеруші-жөндеушісі Николай Твердохлеб осындай ақауды уақтылы анықтады. Жамбыл бөлімшесінің электровоз машинисі Марат Абызов жедел және дұрыс әрекет етті, соның арқасында жолаушылар пойызының өткелдегі трактормен соқтығысуы болған жоқ. Отар станциясының сигнал берушісі Батырхан Атамырза  жолда вагонның ақаулығын байқап, пойыздың шұғыл тоқтауын қамтамасыз етті.

Алматы бөлімшесінің машинист-нұсқаушысы Амангелді Шалабаев доңғалақ жұбы бандажының жарықшағын тауып, жолдан шығып кету болған жоқ. Маңғыстау бөлімшесінің тепловоз машинисі Иса Махамбетов қауіпсіздік техникасының бұзылғанын көріп, вагондардың қозғалысын тоқтатты. Қызылорда бөлімшесі станциясының  парк бойынша кезекшісі Жандос Жұмағазы цистернадан газдың ағып кетуін анықтап, апатты жағдайдың алдын алды. Ақтөбе бөлімшесінің станциясы бойынша кезекші Әсия Ілиясова түтін шыққаны туралы жедел хабарлады, соның арқасында ғимараттың өртенуі болған жоқ. Қостанай бөлімшесінің тепловоз машинисі Абай Ибраев шұғыл тежеуді қолданды және қауіпсіздікті бұзудың алдын алды.  

Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Сапарғали Құрбанов рельстің сынғанын анықтады, соның салдарынан апат болуы мүмкін еді. Достық жол дистанциясының жол шебері Сейітжан Қасенов доңғалақ жұбының ақаулығын анықтады. Шымкент жол дистанциясының жол шебері Жақсыбек Шәріпов бағыттамалы бұрманың ақауын уақытында анықтады. Алтынкөл жолының монтері Бақтияр Жомартов рельсті бунақтың сынуын анықтап, апатқа жол бермеді. "Экспресс" филиалы жолаушылар вагонының жолсерігі Алтынай Ғафиуллина жолаушының босануы кезінде көмек көрсетті. Сол филиалдың жолсерігі Қуатбек Дауылбаев тоғыз жасар балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды.

Компания күнделікті теміржол көлігінің қауіпсіздігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін, батылдық, жанқиярлық пен мамандыққа адалдықты көрсететін қызметкерлерімен мақтанады.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды