«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның барлық филиалдарында «Таза Қазақстан» республикалық акциясына орайластырылған жәрмеңке  өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жәрмеңке – бұл компания қызметкерлері киіммен, кітаптармен, ойыншықтармен, ыдыс-аяқтармен және басқада тұрмыстық заттармен тегін алмасуға болатын іс-шара.

Мұндай бастамалар ақылға қонымды тұтыну мәдениетін ілгерілетуге, қалдықтарды азайтуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпалетеді.

Жәрмеңке – бұл заттарға екінші өмір сыйлау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің көрінісі. Акция жұмысшылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.