ҚТЖ: Алматы облысында Агро-индустриялық паркті дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Жаңалықтар
11.09.2025, 17:55

Мәскеу облысында (РФ) өткен халықаралық Көп салалы бизнес-миссия аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «KTZ Express» АҚ еншілес компаниясы Алматы облысындағы Агро-индустриялық парк жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

KTZ Express, «Славтранс-Сервис» АҚ (РФ) және «Алатау КЛО» ЖШС арасында қол қою рәсімі Алматы облысы әкімі мен Мәскеу облысы губернаторының қатысуымен өтті, бұл бастаманың жоғары деңгейі мен өңіраралық ауқымын көрсетеді.  

Тараптар жобаны дамыту және ілгерілету бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты. Агро-индустриялық парк Алматы маңында салынып жатқан Алатау қаласында (Alatau city) орналасады.  

Оның инфрақұрылымы заманауи «А» класты қойма кешенін, мультитемпературалы қоймаларды, контейнерлік терминалды, көтерме-бөлшек сауда орталығын, сондай-ақ фитосанитариялық бақылау және кедендік ресімдеу аймақтарын біріктіреді. Жаңа нысан өндірушілердің, экспорттаушылардың және сауда желілерінің мүдделері бірыңғай жүйеге қосылатын көпфункционалды хабқа айналады.  

Жоба Қазақстан Президенті белгілеген басымдықтарға: экспортты дамыту мен отандық өнімді шетелдік нарықтарға жылжытуға тікелей жауап береді. Жаңа парк логистика тиімділігін арттырып қана қоймай, өндірушілер үшін жаңа тарату арналарына қол жеткізе отырып, ыңғайлы орта құруға мүмкіндік береді. Қазақстандық компаниялар халықаралық нарықтарға тезірек және оңай шыға алады, ал өңір экономикалық өсу үшін қуатты серпін алады.  

ҚТЖ үшін жобаға қатысу Қазақстанның логистика саласындағы ұстанымын күшейтетін және елдің экспорттық әлеуетін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын стратегиялық қадам болып табылады.  

Компанияның халықаралық жобаларының тәжірибесі, соның ішінде Мәскеу облысындағы (РФ) CRK Terminal қоса алғанда жаһандық жеткізу тізбегіне интеграцияланған ауқымды бастамаларды іске асыруға дайын екендігін растайды.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты