Темір жолдар мен тағдырлар: Алматыда «Жолдар» телехикаясының түсірілімі басталды

Жаңалықтар
27.09.2025, 10:37

Алматы қаласында «Жолдар» атты жаңа көркем телехикаяның түсірілімі басталды. Жоба Еңбек адамдары мен теміржолшылар жылына орай, «Хабар» телеарнасы мен «Jana Media» кинокомпаниясының бірлесуі арқылы, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Телехикаяның негізгі мақсаты – теміржол саласы мамандықтарының маңызын айқындап, осы сала қызметкерлерінің еңбегін көпшілікке кеңінен таныстыру. Көрермендер пойыз бригадаларының, машинистердің, жолсеріктердің, кассирлердің, жолшылардың, диспетчерлер мен өзге де теміржолшылардың күнделікті өмірі мен еңбегіне куә болады.

Түсірілімдер теміржол инфрақұрылымы нысандарында өтіп, оған сала мамандары тікелей қатысуда. Бұл телехикаяға барынша шынайылық беріп, оның әлеуметтік маңызын арттыра түседі.

«Жолдар» – тәуелсіздік дәуіріндегі қазақстандық теміржолшылардың тағдыры мен еңбегін арқау еткен тұңғыш көркем телехикая. Ол олардың ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбегін айқын көрсетеді», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Нариман Дюсекеев.

Ұлттық тасымалдаушы «Хабар» мен «Jana Media» шығармашылық тобына көрсеткен бастамасы мен теміржолшы мамандығының беделін арттыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.

Көптен күткен телехикая жақын күндері эфирге жол тартады.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады