Құрметті теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды

Жаңалықтар
27.09.2025, 17:15
Оқуға 1 мин

Астанада Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы – ел мақтанышы» республикалық форумында ҚР Премьер-министрі  Олжас Бектенов еңбек адамдарына мемлекеттік наградаларды табыс етті, дғп хабарлайды Rail-news.kz.

Жоғары марапат – «Құрмет» ордені теміржол саласының ардагері Бахтарбек Құрманғожанұлы Жүнісовке берілді.

Ол еңбек жолын жол шебері қызметінен бастап, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» – Жол және құрылыстар департаменті директорының орынбасарына дейінгі лауазымдарда атқарды. Өмірінің жарты ғасырдан астам уақытын Қазақстан темір жолының инфрақұрылымын дамытуға, негізгі желілер мен зауыттарды салу мен қайта жаңғыртуға, сондай-ақ рельстерді дәнекерлеуден бастап жаңа бекітпе түрлері мен бұрма тораптарын төсеуге дейінгі жүздеген техникалық жаңалықтарды енгізуге арнады.

Жүнісов елімізде «Talgo» пойызының жылдам жүрдек қозғалысын енгізудің бастауында тұрды, жол шаруашылығын жаңғыртуға және инженерлік кадрларды даярлауға айтарлықтай үлес қосты. Оның көптеген шәкірттері бүгінде Қазақстан теміржолында ғана емес, одан тыс жерлерде де басшылық қызмет атқарып жүр.

Елеулі еңбегі үшін ол:

• «Құрметті теміржолшы» атағымен,

• «Еңбек Ардагері» медалімен,

• «ҚТЖ-ға 100 жыл» медалімен марапатталған.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды