25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Бакуде Қазақстан мен Әзербайжан Орта дәлізді дамыту барысын талқылады

Жаңалықтар
15.10.2025, 12:07
Сурет: Көлік министрлігі

Баку қаласында Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның 21-отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі Парвиз Шахбазов төрағалық етті. Іс-шараға екі елдің ведомстволары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы Орта дәлізді (ТХКБ) дамыту болды. Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастық пен жүк тасымалының оң динамикасын атап өтті. Әзербайжан тарапының дерегіне сәйкес 2024 жылы 287 контейнерлік пойыз тасымалданған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 26 есе артқан. 2025 жылдың 9 айында өсім 39% құрап отыр. Тараптар ТХКБ бойынша «тар жерлерді» жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғастырады. Сондай-ақ Орта дәліздің институционалдық негізін нығайту және мәртебесін арттыру мақсатында Үкіметаралық келісім жобасын дайындау мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар Әзербайжан мен Қазақстанның порт инфрақұрылымдарын дамыту перспективалары қаралды. Екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын арттыру мәселесі де талқыланды. Елдер сондай-ақ кеме жасау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді — Каспийге арналған жаңа контейнерлік кемелер салынып жатыр, сонымен бірге қазақстандық материалдар мен технологияларды пайдалана отырып паромдар мен басқа да кемелер шығару жоспарлануда.

Тараптар цифрландыру және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде жасанды интеллект пен стартап-экожүйелерді дамыту бағытын тереңдетуге келісті. Айрықша назар Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жобасына аударылды. Бұл Қазақстан мен Әзербайжанның цифрлық инфрақұрылымын нығайтады.

Кездесу қорытындысы бойынша Үкіметаралық комиссияның Хаттамасына қол қойылып, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі басым бағыттары айқындалды.

Тараптар Үкіметаралық комиссияның келесі, 22-отырысын 2026 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде