Заңдағы жаңа нормалар түсіндірілді

Жаңалықтар
14.11.2025, 09:58
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлері үшін мән-мағынасы ерекше жиын өтті. Теміржолшылар алдында Абай облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары ақпарат беру жұмыстарын жүргізіп, өзекті мәселелерді бірігіп талқылады.

Атап айтсақ, дәріс барысында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу және дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау мен зайырлы қоғамдағы Ата заңның үстемдігі бағытында кеңінен сөз болды.  

Сонымен қатар ағымдағы жылғы дін саласындағы заңнамаға енгізілген бірқатар өзгертулер бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.  

Басқосу барысында әсіресе Семей теміржол вокзалының қызметкерлері үшін маңызды мәліметтер берілді. Соның ішінде жалған телефон терроризмі, қауіпті заттар анықталған кездегі іс-әрекет алгоритмі жайлы әңгімелесу өтті.  

Тереңірек қозғалған бір мәселе – биылғы жылғы 12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін Заңдағы жаңа норма жайында болды. Күшіне енгізілген бұл өзгеріс қауіпсіздік мақсатында қолға алынып отыр. Бұл қауіпсіздік шарасы азаматтардың дін еркіндігін немесе жеке басының құқығын шектемейді. Қазіргі күні теологтар мен тәртіп сақшылары бірлесіп қаладағы қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуде.  

Жиын барысында сонымен қатар жолаушылар пойызы арқылы діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды тасымалдау мен тарату, яғни теміржол вокзалдарындағы заңсыз миссионерлік жұмыс жүргізудің қолданыстағы заң бойынша жауапкершілігі жайында да кеңінен пікір өрбіді.  

– Әсіресе теміржол вокзалының қызметкерлері үшін құқықтық-заңдық сауаттылық ешқашан артық етпейді. Радикализм мен экстремистік көріністердің алдын алу, сонымен қатар қоғамдық орындардағы қатерді болдырмау мақсатында мұндай іс-шаралардың берері мол, – дейді бұл орайда Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша азаматтық қорғаныс бөлімінің инженер-технологы Еркін Спанов.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті