Жастар құрылтайы шымылдығын түрді

Жаңалықтар
16.12.2025, 10:13
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2025 жылдың 9 желтоқсаны күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ ХІV Республикалық жастар форумы ашылды. Он төртінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі форумның биылғы ерекшелігі – ол халықаралық сипат алып, Ресей, Армения, Қырғызстан және Моңғолия темір жолдарынан келген жастардың қатысуы еді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ топ-менеджерлерінің қатысуымен XIV Республикалық жастар форумының ресми ашылу салтанатында теміржолшы жастар өздерінің командалық жобаларын көпшілік назарына ұсынып, олардың компания жұмысына тигізетін пайдасы мен әсерін баяндады. Сөз кезегі шетелдік қонақтарға беріліп, олар Ресей, Моңғолия, Армения және Қырғызстан темір жолдарының жұмысы, атқарылып жатқан жобалар, жастар саясаты төңірегінде мағлұмат берді.  

Форумға арнайы шақырылған қонақтар қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских сөз алып, өзінің еңбек жолы қарапайым теміржолшы ретінде басталып, алғашқы жастар форумына қатысқанын әңгімеледі.  

– Мен машинист көмекшісі болып жұмыс істеп жүргенімде, алғаш рет І республикалық жастар форумы өтіп, соған қатыстым. Басында бұл форумның не пайдасы бар, не үшін керек деген ойдың болғанын да жасырмаймын. Бірақ кейін оның теміржолшы жастар үшін маңызы мен пайдасын түсіндім. Бұл форум жастардың өзін жан-жақты ашуына, кәсіби біліктілігін арттыруға, мансаптық қызметінде көтерілуіне, көшбасшылық қасиеттерді дамытуына үлкен мүмкіндіктер береді. Менің де мансаптық қызметте өсіп, бүгінгі дәрежеге жетуіме, саясатқа араласуыма осы форум алғышарт болды десем, асырып айтқаным емес. Өйткені жастар форумы теміржолдың жастарына бір орында тұрып қалмай, заман ағымына үн қосып, қазіргі уақыт талабынан қалыспай, білім-біліктерін көтеруге, әрекет етуге бағыт-бағдар беретін алаң. Сондықтан жастарға форум жұмысына белсене қатысыңыздар, компания жұмысына өз үлестеріңізді қосуға атсалысыңыздар дегім келеді. Қандай қызметте, қандай мансапта болсаңыз да, адамгершілік пен азаматтық келбеттеріңізді сақтап қалыңыздар, – деп ағалық ақыл-кеңесімен бөлісті Геннадий Шиповских.  

Бұдан кейін сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шакенов «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Жастар саясатына ерекше көңіл бөлініп отырғанын және компания жастардың тың идеяларын, тиімді бастамаларын, спорттық, әлеуметтік, қайырымдылық жобаларын қолдауға және іске асыруға мүдделі екенін атап өтіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.  

Форум аясында бірінші күні қатысушыларға «ҚТЖ-100 жас есім», Жаңа буын көшбасшылығы, Жеке қабілетті дамыту оқытулары өтіп, кеш «Аймақтар визиткасы» бағдарламасына ұласты. 10 желтоқсан күні «ҚТЖ-100 жас есім» бағдарламасы бойынша оқыту жалғасын тауып, Кейстер чемпионаты, «Қалай фокус, энергия және тұрақтылықты сақтауға болады деген кәсіби мамандарға арналған стресс-менеджмент», «Өзгерістерді басқару: өзгерулер процесінде көшбасшылар мен агенттердің рөлі», «Жекебас тиімділігі, өсуге жол ашатын практикалық құралдар» сынды тренингтер өтіп, кешкілік бағдарлама «Табысты командалардың құпиясы» атты интерактивті симуляцияға жалғасты. Жастар форумының соңғы күні – 11 желтоқсан «Теміржол білгірлері» интеллектуалды ойынына ұласты. Түстен кейін Республикалық жастар форумының ресми жабылуы өтіп, Балалар тілегі шыршасы өтті. Ал кешкілік форум қатысушыларына арналған кешкі ас ұйымдастырылды.

 

 

Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады