25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Huawei темір жол саласындағы цифрлық революцияны таныстырды

Жаңалықтар
29.12.2025, 09:32

Шанхайда өткен «Huawei Connect 2025» жаһандық саммитінде технологиялық алпауыт теміржол көлігі мен логистиканың болашағына қатысты өз пайымын жариялады. Компанияның стратегиясы — жасанды интеллект (ЖИ) пен мультимодальды тасымалды ұштастыру арқылы жаңа буынның көлік жүйесін құру, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Huawei өз табысының 20%-дан астамын ғылыми зерттеулерге (R&D) жұмсай отырып, теміржол саласындағы цифрлық негізді қалыптастыруда. Саммитте таныстырылған басты инновациялардың бірі — жүк вагондарының ақауларын анықтау жүйесі болды (TOU DETECSET).

Компьютерлік көру технологиясына негізделген бұл құрал Қытай теміржолдарында сынақтан өтіп, ақауларды 99,3% дәлдікпен анықтайтынын көрсеткен. Бұл техникалық тексеру уақытын қысқартып, адам факторына тәуелділікті азайтады. Мұндай технологиялар қазірдің өзінде Оңтүстік Африканың теміржол нысандарын қорғауда да қолданылып жатыр екен.

Huawei вице-президенті және «Ақылды көлік» бөлімшесінің бас директоры Ма Юэ мырзаның айтуынша, қазіргі уақытта теміржол саласының басымдығы мега-жобалар салудан гөрі, бар инфрақұрылымды пайдалану мен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ауысып келеді.

«Теміржол — оқшауланған жүйе емес, ол кешенді көлік жүйесінің негізгі түйіні. Біз теміржолды автомобиль, әуе және су жолдарымен интеграциялау арқылы кеден мен порттарды байланыстыратын біртұтас, үзіліссіз логистикалық желі құрамыз», — деді Ма Юэ.

Huawei бүгінде әлем бойынша:

- 100-ден астам порт пен 200 логистикалық кәсіпорынға;

- 70-тен астам қаладағы 300-ден астам метро желісіне;

- 180 000 шақырымнан астам магистральдық теміржолға қызмет көрсетіп келеді.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде