25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Биыл теміржол саласында қандай өзгерістер болады?

Жаңалықтар
05.01.2026, 09:17

Көлік инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту жөніндегі Президент тапсырмаларын жүзеге асыру іс жүзінде орындаудың белсенді кезеңіне өтті. Бұл туралы ҚР көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол саласы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді: тасымалдау көлемі шамамен 318 млн тоннаға жетті, бұл саланың тұрақты өсіп келе жатқанын растайды. 2026 жылы тасымал көлемі 327 млн тоннаны құрайды деп болжанып отыр. Бұл ретте транзиттік тасымал жыл сайынғы тұрақты өсімді 20% деңгейінде көрсетеді. 

Еліміздің толыққанды теміржол қаңқасын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Биыл "Достық – Мойынты" және "Алматы айнаалма жолы" сияқты ірі жобалар аяқталды, олардың жалпы ұзындығы – 911 шақырым. Бұл желінің өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға және транзиттік тасымалдарды жеделдетуге мүмкіндік берді. Келесі жылы "Қызылжар – Мойынты" және "Дарбаза – Мақтаарал" учаскелерінде стратегиялық құрылыс жобалары, сондай-ақ "Алтынкөл – Жетіген" және "Бейнеу – Маңғыстау" бағыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады, — деп атап өтті вице-министр. 

Бұған қосымша пойыздарды реттеудің заманауи жүйелері енгізілуде, бұл теміржолдардың қозғалыс қауіпсіздігі мен өткізу қабілетін тікелей арттырады. 

Теміржолдарды күрделі жөндеу жалғасуда, 2025 жылы 1,5 мың шақырым жол жөнделді, ал 2026 жылы 1,6 мың шақырым жөндеу жоспарланған. 

Одан бөлек 236 локомотив, 1,4 мыңнан астам жүк және заманауи 191 жолаушылар вагонын жеткізу жоспарлануда. Бұл көлік қызметтерінің сенімділігі мен сапасын айтарлықтай жақсартады. 

Халықаралық көлік дәліздері де қарқынды дамып келеді. Олар – Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) және Солтүстік – Оңтүстік бағыттары. 

ТХКБ-ның өткізу қабілетін арттыру шеңберінде порттар инфрақұрылымын жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда, мәселен, отандық сауда флоты 4 пароммен толықтырылады. 2026 жылы контейнерлер тасымалы көлемін 90 мың ЖПЭ-ге дейін жеткізу жоспарлануда. 

Келесі жылы Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша елдің батыс өңіріндегі теміржол учаскелерін жаңғырту аяқталады. 

Президент тапсырмалары аясында елімізде вокзалдарды жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде және 2026 жылы аяқталады. 

Осылайша, 2026 жыл Қазақстанның заманауи әрі орнықты, бәсекеге қабілетті көлік жүйесін қалыптастыратын негізгі инфрақұрылымдық жобаларының аяқталып, іс жүзінде жемісін бере бастаған кезеңі болады, — деп атап өтті Жәнібек Тайжанов.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде