ҚТЖ мен ҚХР Елшілігі теміржол көлігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады

Жаңалықтар
13.01.2026, 17:06

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чунлинмен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады. Теміржол тасымалының көлемін ұлғайту, шекаралық өткелдердегі кедергілерді жою, сондай-ақ екі елдің түйіскен жеріндегі іс-қимылдарды үйлестіру мен синхрондауды күшейту басты назарда.

Мына мәселелерге екше назар аударылды:

- жүктерді екіжақты тасымалдау көлемін ұлғайту;

- шекарада пойыздардың тоқтап қалуын қысқарту;

- Қазақстаннан Қытайға астық жүктерін қабылдау рәсімдерін оңайлату;

- инфрақұрылымды дамыту және Алашаңқай – Достық аралығындағы екінші жолдардың құрылысын іске қосу;

- жүктер номенклатурасын қоса алғанда, Бақты-Таченнің жаңа желісін талқылау.

Тараптар көлік саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ұмтылысын растады және бірлескен күш-жігер екі ел арасында тұрақты, тиімді және өзара табысты көлік дәлізін құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Бүгінде Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы сенімді құрлық көпірі болып табылатыны, бұл Қытайдың Еуропа, Таяу Шығыс және Каспий өңірі нарықтарына орнықты қолжетімділігін қамтамасыз ететіндігі атап өтілді. Темір жолдардың бірлескен күш-жігері арқасында 2025 жылы тасымалдау көлемі 11% өсіп, 35,6 млн тоннаға жетті.

Сондай-ақ, Тараптар ТХКБ-ның дамуына ерекше мән беретіні атап өтілді. 2025 жылы ТХКБ бойынша контейнерлік транзиттің динамикасы 36 мың ЖФБ құрап, 15% өсім көрсетті.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде