ҚТЖ-дағы сөйлеу клубы Қадыр Мырза Әліні еске алды

Жаңалықтар
15.01.2026, 19:05
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қазақ тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орай «Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздері» тақырыбында өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар ұлт руханиятының алып тұлғасы Қадыр Мырза Әлінің өмір жолы мен бай шығармашылық мұрасын еске алып, ақынның елдік рухты, адамгершілік пен парасатты дәріптейтін қанатты сөздері мен өлеңдеріне терең талдау жасады. Қаламгердің мағыналы нақылдары оқылып, әрбір ойдың тәрбиелік мәні мен бүгінгі қоғамдағы өзектілігі жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерінен үзінділер оқылып, оның сөз өнеріндегі дара қолтаңбасы, ұлттық болмысты асқақтатқан ой-тұжырымдары туралы мазмұнды пікірлер айтылды. Қатысушылар ақын шығармашылығын жүрекпен қабылдап, қазақ тілінде еркін әрі әсерлі ой өрбітті.

Іс-шара аясында қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында Wordwall платформасы арқылы «ұяшық ашу» форматындағы интерактивті ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздері мен шығармашылығына қатысты тапсырмалар орындалып, қызметкерлер өз білімдерін ортаға салды.

Сонымен қатар, қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі танымдық, зияткерлік және шығармашылық ойындар өткізіліп, қатысушылар жоғары белсенділік пен қызығушылық танытты.

Аталған сөйлеу клубы Қадыр Мырза Әлінің өшпес рухани мұрасын дәріптей отырып, ұжым мүшелерінің ұлттық сана-сезімін нығайтуға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, сондай-ақ бірлік пен ұйымшылдықты арттыруға елеулі үлес қосты.

 

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады