Мұқағали мұрасы – ұлт қазынасы

Жаңалықтар
06.02.2026, 08:48
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы Мемлекеттік тілді дамыту секторының Қазақ тілінде сөйлесу клубының кезекті отырысы өтті. Айына бір рет ұйымдастырылатын іс-шара бұл жолы «Қазақтың мұзбалақ ақыны – Мұқағали» тақырыбын арқау етті.

Ақиық ақынның 95 жылдығына арналған клуб отырысына Орталық аппараттың 30-ға жуық қызметкерлері қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты өз білгенімен бөлісті.

– Бүгін біз қазақ поэзиясының асқар шыңы, бәйтерегі, қазақ әдебиетінің шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың мерейтойы қарсаңында осы отырысты өткізіп отырмыз. Клуб қатысушыларына тақырыпты алдын ала жібергенбіз. Мұқағалидың өлеңін білмейтін, оның сөздеріне жазылған әндерін айтпайтын қазақ кемде-кем. Сондықтан бүгінгі кешке барынша атсалысасыздар деген сенімдемін, – деді отырысты ашқан сектор басшысы Ербол Тоқтағазы.  

Расында отырысқа қатысушылар ақын өлеңдерін бірінен соң бірі жатқа оқып, әндерін домбырамен орындауы олардың поэзияға, жалпы сөз өнеріне жақындығын байқатты. Кешті жүргізуші, аталған сектордың бас менеджері Меруерт Ақбердиева жиынды бірнеше бөлімдерге бөліп, қызықты өткізуге тырысты. Атап айтқанда, «Ғасыр ақыны», «Есіңе мені алғайсың», «Махаббат», «Күнделік», «Өлең және ән» деген сияқты ұяшықтарды ашып, сондағы тапсырмаларды оқыды. Қызметкерлер «Неліктен ақын өлеңдері уақыт өтсе де ескірмейді?», «Оның қоғам үшін құндылығы қандай?», «Адам артына қандай із қалдыруы керек?», «Күнделік жүргізген дұрыс па?» деген және басқа да сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салды. Соңында «Kahoot бейне» ойыны арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық ойын өтіп, көпшілік оған үлкен белсенділікпен қатысты.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады