Орта дәліздің дамуы Әзірбайжанның Орталық Азия елдерімен экономикалық және көліктік интеграциясын тереңдетуде шешуші рөл атқарды. Бұл туралы Бакуде өткен халықаралық конференция барысында Әзірбайжан Милли Меджлисінің депутаты Фариз Исмаилзаде мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның айтуынша, Каспий теңізін Ақтау және Түрікменстан порттарымен байланыстыратын Баку және Әлят порты арқылы өтетін маршрут баламалы бағыттардағы шектеулер аясында маңызды транзиттік буынға айналды.

Аймақтағы инфрақұрылымның дамуы мен инвестициялық жобалар байланыстарды нығайтуға, соның ішінде Транскаспий бағытының негізгі қатысушысы ретінде Қазақстанмен қарым-қатынасты күшейтуге ықпал ететіні атап өтілді.