Қазақстан мен Өзбекстан теміржол бекеттеріндегі кедергілер жойылады

Жаңалықтар
24.02.2026, 11:08
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен делегациясы негізгі шекара маңындағы теміржол нысандарына жұмыс сапарымен барды. Іс-шара екі елдің көлік министрліктері арасында тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру аясында өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегация құрамына теміржол әкімшіліктерінің басшылары, Шекара қызметінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, сондай-ақ фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауға жауапты Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары кірді.

Делегация Сарыағаш және Сырдария мемлекетаралық түйіспелерін жан-жақты тексерді. Аталған нысандар екі ел арасындағы өткізу қабілетін кеңейтудің негізгі пункттеріне айналады. Бұл өз кезегінде жүк тасымалы көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында теміржол тасымалының өткізу қабілеті мен тиімділігіне әсер ететін инфрақұрылымдық шектеулерді жою мәселелері қаралды.

Сапар аясында тараптар мемлекетаралық түйіспелердің өткізу қабілетін жоспарлы түрде кеңейтудің басымдығын растады. Атап айтқанда, Сарыағаш түйіспесінде өткізу қабілетін тәулігіне 36 жұп пойыздан 40 жұп пойызға дейін арттыру, ал «Оазис» түйіспесінде көрсеткішті бес есеге — тәулігіне 10 жұп пойызға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сондай-ақ Дарбаза – Мақтаарал стратегиялық теміржол учаскесі пайдалануға берілгеннен кейін Сырдария түйіспесінің өткізу қабілеті де тәулігіне 10 жұп пойызға дейін жеткізіледі. Бұл 60 млн тонна көлеміндегі мақсатты жүк айналымына қол жеткізу үшін қажетті техникалық негізді қамтамасыз етеді.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады