Теміржолшылар таңдау жасайды

Жаңалықтар
13.03.2026, 08:25
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

15 наурыз – жексенбі күні Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Елдің саяси өміріндегі маңызды оқиғаға теміржолшылар да үн қосып, өз таңдауын жасамақ.

Осы аптада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясының және облыстық, Тараз қалалық штабының жетекшілері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалының және Магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлерімен кездесіп, тарихи сәтте азаматтық белсенділік танытуға шақырды.  

Жиынды ашқан Жамбыл филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов Коалиция мүшелерін таныстырып өтіп, шалғайдағы құрылымдық бөлімшелердің басшылары кездесуге онлай форматта қатысып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ теміржолшылар конституциялық реформаның тарихи мәнін түсінетінін, республикалық референдумда азаматтық ұстанымдарын білдіруге дайын екеніне тоқталды.  

Кездесуде Коалицияның облыстық және Тараз қалалық штабының жетекшілері Дауыл Бейсенқұлов пен Кенжебек Олжабай еліміздің ертеңіне бейжай қарамайтын еңбекқор жандардың үні әрқашан маңызды екенін атап өтті. Жаңа Конституцияда еңбексүйгіштік – қоғамның негізгі құндылықтарының бірі ретінде көрсетілгенін, бұл – жұмысшы мамандардың еңбегі мемлекет деңгейінде бағаланып, олардың құқықтары мен қауіпсіздігі заңмен қорғалатынын білдіретінін жеткізді.  

Бұдан соң Коалиция мүшелері Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлерімен де кездесу өткізді. Жалпы Жаңа Конституция жобасында еңбек ету құқығы, әділ еңбекақы алу, кемсітушілікке жол бермеу және өндірістегі қауіпсіздік – конституциялық кепілдікке айналатыны көрсетілген. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік – тек жұмысшының ғана емес, мемлекеттің де жауапкершілігі болмақ.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті