ҚТЖ-дағы тіл саясаты: Теміржолшылардың тәжірибесі жоғары бағаланды

26.03.2026, 12:53
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компанияда Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұсынысымен мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселесіне арналған тәжірибе алмасудың диалог алаңы өтті. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру бағытындағы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар таныстырылған семинарға беделді ұлттық компаниялардың мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыратын мамандары қатысты.  

 Семинар барысында «Тіл саясаты: үздік тәжірибелер мен инновациялар» тақырыбында интерактивті көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Қазақтелеком» АҚ, «Н.Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және ҚТЖ өкілдері елімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында әр мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар: түрлі қосымшалар, интернет-ресурстар, кітаптар мен журналдар, қазақ тілінің орфографиялық электронды базасы және басқа да тіл үйрету, терминдерді талдап түсіндіру мақсатында шығарылып жатқан еңбектерін таныстырды.    

Іс-шарада Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов «Тіл саясатын іске асырудың басым бағыттары», комитеттің бас сарапшысы Талғат Жакенов «Ұлттық компаниялардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі», «ҚТЖ» ҰК» АҚ Мемлекеттік тілді дамыту секторының бастығы Ербол Тоқтағазы «ҚТЖ-да тіл саясатын іске асырудағы үздік тәжірибелер», осы сектордың бас менеджері Меруерт Ақбердиева «Теміржол саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері» және сектор менеджері Ақмарал Бексейітова «Сауатты жазуды меңгерту тәсілдері» тақырыптарында баяндама жасады.  

– ҚТЖ-да мемлекеттік тіл саясаты бірнеше бағытта іске асырылады. Атап айтқанда, құқықтық, әдістемелік-әдіснамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді оқыту үшін жеке және топтық курстар, тегін платформалар ұйымдастыру, өз бетінше меңгертуге ықпал ету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолдану аясын ұлғайту үшін іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, мәдени-көпшілік, бұқаралық-спорттық іс-шараларды қазақша өткізу, көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде жазуға, тілді насихаттауға аса мән беріледі. Күнделікті теміржол қызметінде аса қажетті кітаптарды шығаруға тырысып жатырмыз. Соның ішінде ең қажетті брошюралар, көрсеткіштер жинағы, қазақша-орысша станция атауларының жинағы, екі тілде ең қажетті заңдар жинағын қызметкерлер күн сайын жұмыс барысында қолданады, – деді Е.Тоқтағазы.  

Айта кетерлігі, Тіл саясаты комитеті тарапынан ұлттық компаниялар, әкімдіктер және мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижесінде былтыр 25 ұлттық компания ішінде ҚТЖ ең үздік деп танылды. Еліміздегі ең ірі жұмыс беруші компанияда бүгінде 110 мыңнан астам еңбек етсе, соның 66 пайызы мемлекеттік тілді жақсы меңгерген. Оның үлесін арттыру үшін аталған сектордың 3 адамнан тұратын ұжымы жұмысты одан әрі жетілдіре түсуде.  

Жиынға қатысушылар арасында жарыссөз ұйымдастырылып, соңында мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген мамандар Алғыс хатпен марапатталды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті

Басқа да жаңалықтар