Ғасырдың дара тұлғасы

Жаңалықтар
14.04.2026, 08:40
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалының Мемлекеттік тілді дамыту секторының Қазақ тілінде сөйлесу клубы кезекті отырысын «Ғасырдың дара тұлғасы – Қаныш Сәтбаев» тақырыбына арнады.

Сектор басшысы Ербол Тоқтағазы компанияда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы жоспарлы жұмыстардың бірі ретінде осы тұрақты клубтың қызметін жандандыруға атсалысып жүргендерге алғыс білдірді.  

– Айына бір рет өтетін клуб отырысынан қалмай қатысу арқылы да сіздер бұл маңызды іске үлкен үлес қосып жүрсіз. Аты айтып тұрғандай, қазақша сөйлесу клубының мақсаты – тілдік кедергілерді жою, тілдік дағдыларды қалыптастыру. Дегенмен бұдан да маңызды жұмысымыз қазақтың тарихын, мәдениетін насихаттауға көңіл бөлеміз. Бүгінгі отырысты белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевқа арнадық. Қаныш Сәтбаев – тек ғалым ғана емес, ұлтын сүйген нағыз патриот, жан-жақты тұлға. Клубтың келесі тақырыптары да осындай қазақтың маңдайына біткен бірегей тұлғалары туралы болады, бұл біздің рухымызды биіктетіп, патриоттық сезімді нығайтуға септік етері сөзсіз, – деді ол.  

Жиын академик-ғалымның өмірі мен еңбектері туралы бей неролик көрсетумен басталды. Одан әрі қатысушылар топтарға бөлініп, «Кім жылдам?» ойынына кезек берілді. Сектордың бас менеджері Меруерт Ақбердиева ойын шартын түсіндірді. Бір адам ғалымға қатысты бір сөзді бастап, сол сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді келесі адам сол мазмұнда әрі жалғастырып әкетуі керек. Келесі тапсырма «Тілмәш» деп аталды, қатысушыларға ғалымның өмірі жайлы орысша жазылған мәтіні бар карточка таратылып, ойыншылар соны қазақ тіліне аударып, оқып берді.  

«Қасиеттер галереясы» деп аталған келесі тапсырмада экранға ғалымның тұлғалық бейнесін құрайтын негізгі қасиеттер жазылды, мысалы патриотизм, ал қатысушылар сол қасиеттің күнделікті жұмыс барысында немесе өмірде көрініс табуынан мысал келтірді. Қорытынды бөлім Wordwall Quiz деп аталып, экранда ғалым туралы сұрақтар қойылып, оның 4 жауабы берілді. Қатысушылар соның ішіндегі дұрыс жауапты тапты. Клуб мүшелері кезекті отырысты әдеттегідей қазақша ән айтумен аяқтады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті