Электропойыздарды жөндеу сапасы жаңа деңгейге көтерілді

Жаңалықтар
14.04.2026, 09:02
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қамқор Локомотив» серіктестігіне қарасты Шу локомотив жөндеу зауыты электропойыздарға жаңа қызмет көрсету түрін меңгерді.

ҚТЖ-ның тапсырысымен Шу зауыты ЭД9М сериялық электропойыздарға ТО-3 және ТО-6 көлемінде техникалық қызмет көрсетуді бастады.  

Бұл жөндеу түрін меңгеру кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту және жылжымалы құрамға қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды қадам болып отыр. ТО-3 және ТО-6 аясында зауыт мамандары электропойыздардың сенімділігі мен қауіпсіз эксплуатациясын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстарды атқарады. Олардың қатарында терзелерді жуу, электр шкафтарына қызмет көрсету, жарықтандыру құралдарын жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ ақаулы түйіндер мен бөлшектерді ауыстырып, қалпына келтіру жұмыстары бар.  

Осы арада арнайы назар – шатырлық, механикалық, кузовтық және автотежегіш жабдықтары, электрлік және электрондық аппараттар, қауіпсіздік құралдары сияқты негізгі жүйелерге аударылып отырғанын айтар едік. Сондай-ақ беріліс қорабының техникалық жағдайы, оның ішінде май деңгейі тексеріледі. Бұл шаралар ақауларды уақытылы анықтап, жоюға мүмкіндік береді және де жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзартып, жолаушыларды тұрақты әрі қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді. Осы сериядағы электропойыздарға техникалық қызмет көрсетуді меңгеру зауыт мамандарының жоғары кәсіби құзыреттілігін растап отыр.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды