Көлік министрі еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Жаңалықтар
14.04.2026, 09:25
Оқуға 2 мин

Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев министрліктің басшылық құрамымен еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша 2026 жылғы 13 сәуірде өткен кеңесте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов берген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша жедел ведомстволық кеңес өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кеңес барысында көлік саласының тиімділігін арттыру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделдету, процестерді цифрландыру, сондай-ақ Президент пен Үкімет тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттер қаралды. Орындау мерзімдерін сақтау мен жұмыстың сапасына, сондай-ақ нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылды.

Министр транзит көлемін 55 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жедел әрі үйлестірілген шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Қойылған міндеттерге сәйкес негізгі транзиттік дәліздерді дамыту, көлік инфрақұрылымын жаңғырту және Қазақстанның Еуразиядағы жетекші транзиттік хабретіндегі рөлін нығайту үшін стратегиялық маңызы бар жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Теміржол жобаларын іске асыруға, автомобиль өткізу бекеттерін жаңғыртуды жеделдетуге, теңіз инфрақұрылымын дамытуға және халықаралық тасымалдарда цифрлық шешімдерді ілгерілетуге ерекше басымдық берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша министр бекітілген іс-қимыл жоспарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді, негізгі бағыттар бойынша күнделікті бақылау орнатуды және мерзімдердің бұзылуына жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Мемлекет басшысы мен Үкімет алдындағы жауапкершілік айрықша жоғары. Негізгі міндет — әрбір жобаның сапалы, уақтылы әрі нәтижелі іске асырылуын қамтамасыз ету. Барлық бағыттар бойынша ресурстарды барынша жұмылдыру және қатаң атқарушылық тәртіп қажет», - деп атап өтті министр.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды