ALT Astana колледжінде логистиканың заманауи трендтері талқыланды

Жаңалықтар
16.04.2026, 11:13
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында М.Тынышпаев атындағы ALT Astana колледжі студенттерінің  «Кедентранссервис» АҚ өкілімен кездесуі өтіп, ол жай ғана дәріс емес, мамандыққа практикалық тұрғыда терең үңілу форматында өтті.  

Спикер ретінде осы оқу орнының түлегі, қазір «Кедентранссервис» АҚ  Логистика департаментінің бас менеджері Амина Махамбетова арнайы шақырылды. Оның кәсіби жолы – білім мен ізденістің алар асуы биік  екенінің айқын көрінісі.  

Кездесу барысында спикер теміржол логистикасындағы заманауи трендтер, тарифтік саясаттың рөлі және салада мансап құруға қажетті негізгі дағдылар туралы әңгіме өрбітті. Студенттерге жоғары жауапкершілік пен қарқынды жағдайда шешімдердің қалай қабылданатынын көруге мүмкіндік беретін нақты кейстер ерекше қызығушылық тудырды.  

«Логистика – бұл ойлау жүйесі. Бір ғана бағыттан кеңірек үдерістерді көре алсаңыз, онда сіз бір қадам алда болғаныңыз», – деп атап өтті Амина Махамбетова.  

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттердің кәсіби таңдауын анықтауына жасалған маңызды қадам болды.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды