Белсенді әйелдер бас қосты

Жаңалықтар
17.04.2026, 08:32
Суреттерді түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада алғаш рет Кәсіподақтың әйелдер комиссиясының бірінші отырысы өтті. «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес өткен жиынды ашқан сала кәсіподағы төрағасының міндетін атқарушы Ғафу Несіпбаев нәзік жан иелерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Комиссия отырысында әйелдердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, олардың кәсіподақ қызметіндегі рөлін арттыру, сондай-ақ теміржол саласының еңбеккер әйелдерін қолдауға бағытталған бастамаларды дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар корпоративтік мәдениетті нығайту, еңбек жағдайларын жақсарту және әйелдердің кәсіби және жеке өсуі үшін қолайлы орта құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.  

Бұдан кейін өңірлерден келген өкілдердің комиссия жұмысы туралы баяндамасы тыңдалып, комиссия қызметінің тиімділігін арттыру бағытындағы жаңа ұсыныстары мен бастамалары таныстырылды.  

Кездесу қорытындысы бойынша нақты ұсынымдар әзірленіп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарының басым бағыттары бекітілетін болды. Қатысушылар әлеуметтік мәселелерді шешудегі әйелдердің рөлін одан әрі күшейту және белсенді нәзік жан иелеріне білім беру көкжиегін кеңейту, сондай-ақ жергілікті жерлерде жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.  

– Отырыс сындарлы және іскерлік ахуалда өтіп, қатысушылардың жоғары белсенділік деңгейін және олардың кәсіподақ қозғалысын дамытуға қызығушылығын растады. «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ әйелдерді қолдау, олардың мәртебесін нығайту және әлеуетін толыққанды іске асыру үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады, – деп атап өтті «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Амангелді Төреғожин.  

Жиын көпшілік көңілінен шығып, осындай басқосудың пікір алмасып, тәжірибе молайтуда маңызы зор деген тұжырыммен түйінделді.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты