ҚТЖ мен Қытай темір жолдарының ынтымақтастығы: Талғат Алдыбергенов Ван Цзиньсимен кездесті

Жаңалықтар
22.04.2026, 14:31

ҚТЖ ғимаратында теміржол ынтымақтастығы ұйымы конференциясының XL отырысы аясында компания басшысы Талғат Алдыбергенов «Қытай темір жолдары» МК (ҚТЖ) Директорлар кеңесінің мүшесі, Партия басшылық тобы хатшысының орынбасары Ван Цзиньсимен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жөніндегі міндеттерді дәйекті орындауға мүмкіндік беретін үйлесімді өзара іс-қимылдың жоғары тиімділігін атап өтті.

Көрсеткіштердің тұрақты өсуі статистикамен расталады: 2026 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша тасымалдау көлемі 9,3% ұлғайып, 9,1 млн тоннаға жетті, бұл Қазақстан мен Қытай аумағы арқылы өтетін көлік дәліздеріне сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. 

Келіссөздер барысында Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуға және маршруттарды цифрлық трансформациялауға ерекше назар аударылды.  2026 жылғы бірінші тоқсанқорытындысы бойынша ТХКБ бойынша 125 контейнерлік пойызбен жүк тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 34,4% артық.

Инфрақұрылымды кеңейтуде айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Тараптар Достық –Алашаңқай теміржол учаскесін салу жөніндегі үкіметаралық келісімді келісу бойынша жедел жұмысы үшін өзара алғыстарын білдірді және Бақты – Тачэн үшінші шекаралық өткелін салу жөніндегі құжатты келісуді белсенді түрде ілгерілетуге уағдаласты.

ҚТЖ және Қытай темір жолдарының синергиясы географиялық артықшылықты Шығыс пен Батыс арасындағы сауда интеграциясының қуатты құралына айналдыра отырып, екі елдің экономикалық өсуінің басты драйвері болып табылады.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді