25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Вице-министр Ж. Тайжанов Орынборда теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады

Жаңалықтар
28.04.2026, 09:32
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов бастаған Қазақстандық делегация көлік, логистика және транзит салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ресей Федерациясының Орынбор қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сапар аясында Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Теміржол инфрақұрылымын дамыту, мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру және жүк тасымалы көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, Илецк теміржол өткізу пунктінің жұмыс істеуі мен оны жаңғырту мәселелері жеке қарастырылды. Қазақстандық делегация нысанның қазіргі операциялық қызметімен танысып, ресейлік әріптестермен оның өткізу қабілетін арттыру шараларын, соның ішінде тексерудің параллель рәсімдерін енгізу және инфрақұрылымды дамытуды үйлестіру мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек, Орынбор облысының Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен, ірі өнеркәсіптік экспорттаушы кәсіпорындармен және астық секторы компанияларымен кездесу өтті. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, өңірдің экспорттық әлеуетін дамыту және Қазақстан аумағы арқылы өнім тасымалы көлемін арттыру мәселелері қарастырылды.

Тараптар Қазақстан мен Орынбор облысы арасындағы тасымалдардың тұрақты оң динамикасын, сондай-ақ транзиттік ағындардың айтарлықтай өскенін атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша шекаралық инфрақұрылымның өткізу қабілетін кеңейту және халықаралық көлік дәліздерін дамыту бағытында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде