Астанада жас теміржолшылар үшін кәсіби бағдарлау курсы өтті

Жаңалықтар
15.05.2026, 08:54
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Астанада «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ-нің ұйымдастыруымен кәсіптік бағдарлау курсы өтіп, оған жамбылдық алты жеткіншек қатысты. Үш күндік оқу курсы кәсіподаққа мүше көлік саласы қызметкерлерінің 9-10 сыныптарда оқитын балаларына арналған. Жас жеткіншектерге мамандық таңдауда кәсіби бағдар беруді мақсат тұтқан пилоттық жобадан күтетін нәтиже көп.

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаевтың айтуынша, теміржолшылардың балаларына арналған кәсіби бағдар беру лагері оқушылар үшін танымдық сапар болған. Кәсіптік бағдарлау курсында психологтар қатысушыларға тренингтер ұйымдастырып, педагогтар кеңес берген.  

– Бағдарлама аясында оқушылар Coventry University Kazakhstan, Maqsut Narikbayev University, Astana IT University, Cardiff University Kazakhstan және Nazarbayev University сияқты беделді жоғары оқу орындарын аралап, олардың білім беру жүйесімен, заманауи инфрақұрылымымен және кең мүмкіндіктерімен жан-жақты танысты. 9-10 сынып оқушылары үшін дәл қазіргі шақ – өз бағытын айқындап, мамандық таңдайтын кезең. Осындай жауапты кезде жас жеткіншектерге кәсіби бағдар беру қажет. Оқу курсының «Жасөспірімдерді кәсіптік бағдарлау. Жаңа буынның кәсіби өзін-өзі анықтау бағдарламасы» деп аталғаны да сондықтан. Біздің өңірден оқу курсына жіберілген жас жеткіншектердің бару-келу жолына, тамақтануына, жүріп-тұруына керекті барлық жол шығынын кәсіподақ ұйымы өтеді. Арнайы куратор бекітіп, бірге жібердік, – дейді Ерболат Асылханұлы.  

Оқу курсында тренерлер түрлі ойындар мен конкурстар өткізген. Жамбылдық оқушылар танымал киноларға қазақша дубляж жасап, жобаларын қорғаған. Атааналар бұл курс жас жеткіншектерге өмірлік таңдау жасауда бағыт бергенін айтып отыр. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі экономика бөлімінің бастығы Айсар Алишев теміржолшылар кәсіподағы ұйымының бастамасы жас ұрпаққа тағылымы терең, мазмұны бай, маңызды жоба болды дейді.  

– Кәсіби бағдар беру курсында мамандар әр оқушының қызығушылығы мен қабілетін айқындаған. Жасанды интеллект дәуіріндегі сұранысқа ие мамандықтар, еңбек нарығындағы жаңа бағыттар, кәсіпкерлік пен креативті индустриялар туралы түсіндіріліп, оқушылардың кәсіби ойлау көкжиегі кеңейе түсті. Нәтижесінде қатысушылар өз болашағына деген көзқарасын жаңаша қалыптастырып, қандай бағытта дамуы керектігін нақты түсіне бастады. Кәсіби бағдар беру лагеріне барып келгелі ұлымның өзіне деген сенімі артқанын байқадым. Балалар жаңа ортада еркін пікір алмасып, замандастарымен тәжірибе бөліскені көп септігін тигізді, – деп ой-пікірін білдірді Айсар Сатталыұлы.  

Ата-аналар алдағы уақытта да осындай кәсіби бағдар беру лагерлері жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын жеткізді. Мұндай жоба жас ұрпақтың көкжиегін кеңейтіп, олардың саналы таңдау жасауына мүмкіндік береді.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады