Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды

Жаңалықтар
03.06.2026, 09:12
Оқуға 2 мин
Фото: Министерство транспорта

Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) Үйлестіру платформасы аясындағы үшінші ұлттық семинар өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Қазақстандағы Еуропалық одақ делегациясының елшісі Алешка Симкич қатысты.

Семинар барысында Талғат Ластаев Орта дәліздің Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, елдің көлік-логистика саласындағы тұрақты даму қарқынына тоқталды.

Кездесу кезінде Ташкентте өткен инвесторлар форумынан және жоғары деңгейдегі онлайн кездесуден кейін атқарылған жұмыстардың нәтижелері қорытындыланды. Қатысушылар дәліз бойындағы басым инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Оның ішінде порт инфрақұрылымын жаңғырту, теміржол және автомобиль жолдары желілерін дамыту мәселелері қаралды.

Сондай-ақ Каспий теңізіндегі өткізу қабілетін арттыру, тар орындарды жою, флотты дамыту және теңіз инфрақұрылымына қатысты бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Семинардың жеке сессиясында сауда рәсімдерін жеңілдету, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және мультимодальды тасымалдарды дамыту мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, халықаралық қаржы институттарының қарауына ұсынылатын жаңа жобалар таныстырылды.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға дайын екендерін растады. Сонымен қатар инфрақұрылымдық инвестициялар тарту және көлік жүйелерін цифрлық интеграциялау бағытындағы бірлескен бастамаларды қолдайтындарын мәлімдеді.

Айта кетейік, Транскаспий халықаралық көлік бағыты немесе Орта дәліз Қытай мен Орталық Азия елдерін Каспий теңізі, Кавказ және Түркия арқылы Еуропа нарықтарымен байланыстырады. Соңғы жылдары бұл бағыт Еуразиядағы маңызды көлік дәліздерінің біріне айналып отыр.

Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты