2026 жылғы 20 маусымда сағат 15:08-де Түркістан – Шиелі учаскесінде, Шорнақ станциясы ауданында №7/8 Алматы-2 – Саратов қатынасындағы жолаушылар пойызының машинисі темір жолда қалған бес жасар баланы басуға жол бермеді, деп хабарлайды  Rail-news.kz. 

Локомотив бригадасы 70 км/сағ болатын пойыз жылдамдығында шұғыл тежеуді қолданды, соның арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды.

Пойыздың кешігуі 4 минутты құрады.

Темір жол учаскесі қоршаумен жабдықталған. Бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болды.

Локомотив бригадасының кәсібилігі мен қырағылығының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.

ҚТЖ ата-аналарды балаларды темір жолдар жанында қараусыз қалдырмауға және оларға темір жол көлігі объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге шақырады.