Астана әкімі мен ҚТЖ Басқарма Төрағасы Астана-1 теміржол вокзалын қайта жаңарту барысымен танысты

Жаңалықтар
05.07.2026, 15:00

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Астана әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге Астана-1 теміржол вокзалына барып, нысанды қайта жаңарту барысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Вокзалды қайта жаңарту Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүргізілуде. Объектінің жалпы ауданы 8 409 ш.м. Жобалау-сметалық құжаттама "Мемсараптама"РМК-да мемлекеттік сараптамадан өтеді.

Нысанда шатыр жабу жұмыстары аяқталып келеді. Ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеуі, жылыту, желдету, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау және әлсіз ток желілерін монтаждау жұмыстары жалғасуда. Сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде, жағалау платформасында жұмыстар аяқталуда, конкорск өткелінің құрылысы жалғасуда.

Қайта құру жұмысына 261 қызметкер мен 11 техника жұмылдырылды. Технологиялық жабдықтар мен жиһаздарды жеткізуге келісімшарттар жасалды.

Тексеру қорытындысы бойынша қайта құру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын арттыру қажеттігі атап өтілді.

Мердігер ұйымға жұмысшылар санын және тартылған техниканың санын көбейту, сондай-ақ лифтілерді, эскалаторларды, қасбеттік жүйелер мен витражды конструкцияларды жеткізу мен монтаждауды жеделдету тапсырылды.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты