2026 жылдың 26 қарашасында Түркияда Логистикалық қызмет көрсетушілер қауымдастығының (LojiDer) ұйымдастыруымен 1-ші Халықаралық логистика конгресі өтеді.

Конгреске логистика және жеткізу тізбегі экожүйесінің барлық саласынан 500-ден астам маман, соның ішінде жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер, сала көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Конгресс тақырыбы «Жаһандық сауданың жаңа дәуірі: геосаяси осьтер, жаңа дәліздер, жаңа мүмкіндіктер» деп аталып, үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім, «Логистикалық қызметтерді жеңілдету, цифрландыру және жеделдету» мәселесіне арналса, екінші бөлімде «Орта дәліз»: өңірлік ынтымақтастық және баламалы көлік дәліздері, ал үшінші бөлімде «Көлік түрлеріне қатысты болашаққа болжамдар» тақырыбындағы мәселелер талқыланбақ.  

Конгресс логистика және жеткізу тізбектері саласындағы халықаралық ынтымақтастық, білім алмасу, іскерлік байланыстар орнату және жаңа бизнес мүмкіндіктері алаңы болмақ. Сонымен қатар Конгреске қатысушыларға B2B кездесулері ұйымдастырылатын болады.