ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігін бұзу 5%-ға төмендеді

Жаңалықтар
29.07.2026, 08:35

2026 жыл бірінші жартыжылдығының қорытындысыда «ҚТЖ» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырды. Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті қабылдаған шаралар кешені қозғалыс қауіпсіздігін бұзу санын 5% төмендетуге мүмкіндік берд, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Компания бұзушылықтардың алдын алуға және профилактикасына ерекше назар аударып келеді. Алты айда теміржолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа арналған тұрғындармен 4 мыңнан астам кездесу өткізілді. Оларға 93 мыңнан астам адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында 500 жуық материал  ұйымдастырылып, құқық қорғау органдарымен бірлесіп 3 мың профилактикалық рейд жүргізілді, 1 мыңнан астам ескерту белгілері жаңартылды.

Ішкі бақылау маңызды бағыт болып қала береді. Ревизорлық аппаратпен барлық жол бөлімшелеріндегі кәсіпорындарға 5 мыңнан астам тексеру жүргізіліп, оның барысында 5 мың тыйым салынған шара қабылданды.  

4 тексеру қорытындысы бойынша Шымкент, Алматы, Жамбыл және Қарағанды бөлімшелерінде 126 ұсыныс берілді. Семей және Павлодар бөлімшелерінде қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесіне аудиттер жүргізіліп, нәтижесінде оны жақсарту бойынша ұсыныстар берілді. Түзету іс-қимылдарының жоспарлары әзірленіп, іске асырылуда.  

ҚТЖ нормативтік базаны дәйекті түрде жетілдіруде. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне қауіпсіздік қағидаларын өзектендіру, техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеу жөнінде ұсыныстар жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға темір жол өткелдерін кесіп өту, белгіленбеген жерлерден өту және бақылаусыз мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту жөнінде ұсыныстар жіберілді. Жүйелі тәсілді іске асыру нормативтік-техникалық құжаттама бойынша бұзушылықтар санын 31% қысқартуға мүмкіндік берді.

Компания заманауи цифрлық құралдарды белсенді түрде енгізуде. Тоғыз жол бөлімшесіндегі 190 астам станцияда жұмыс істейтін «Станцияларды комиссиялық айлық тексеру» автоматтандырылған жүйесін тарату жалғасуда. Жүйеде 1,7 мың пайдаланушы тіркеліп, 500 тексеру актісі қалыптастырылды. Цифрлық бақылаудың арқасында инфрақұрылым құрылғыларының сәйкессіздіктерін бақылау және жою процесі жеңілдетілді.

Сонымен қатар, «Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизор» автоматтандырылған жүйесі жаңғыртылып, жаңа цифрлық шешімдер әзірленуде. Болашақта бұл жобалар тәуекелдерді болжауға, ықтимал қауіпті факторларды анықтауға және алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологияларын енгізу үшін негіз болады.

Қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, өндірістік процестерді жетілдіру және цифрландыру бойынша жұмыс «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

 

 

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты