2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша «Құрық порты» ЖШС 884,8 мың тонна жүк өңдеп, порт қызметтеріне тұрақты сұранысты және оның Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытудағы маңызды рөлін растады.

Жүктерді ауыстырып тиеу құрылымы:

  • Теміржол бағыты – 475,5 мың тонна (экспорт – 242,3 мың тонна, импорт – 233,2 мың тонна)
  • Автомобиль бағыты – 306,2 мың тонна (экспорт – 151,4 мың тонна, импорт – 154,8 мың тонна).
  • Астық терминалы арқылы 104,1 мың тонна дәнді дақылдар жөнелтілді.

Құрық порты логистикалық процестердің тиімділігін арттырып, Қазақстанның Каспийдегі маңызды көлік торабы ретіндегі ұстанымын нығайта отырып, экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді сенімді өңдеуді қамтамасыз етуді жалғастыруда.