Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті

Жаңалықтар
07.08.2026, 08:16
Оқуға 1 мин
Сурет: Көліктегі полиция
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында көлік полицейлері Астана-1 теміржол вокзалының аумағында профилактикалық іс-шара өткізді.

Рейд барысында азаматтармен және кәмелетке толмағандармен теміржол көлігі нысандарында қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары туралы ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Көліктегі ПД Әкімшілік полиция басқармасы бөлімінің бастығы Әлихан Жұмажановтың айтуынша, 2026 жылдың басынан бері теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің 31 432 фактісі анықталған. Сонымен қатар пойыздардың шұғыл тежеуінің 766 жағдайы тіркелсе, оның 173-і теміржол бойында адамдардың жүруіне байланысты болған. Оның айтуынша, азаматтардың абайсыздығынан теміржол жарақатын алу көрсеткіші айрықша алаңдаушылық туғызады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында пойыздардың қағып кетуі салдарынан зардап шеккен 42 адамның жартысынан көбі көз жұмған. Өкінішке орай олардың арасында кәмелетке толмағандар мен жас балалар да бар.  

Сондай-ақ жыл басынан бері жолаушылар пойыздарының әйнектерін сындырудың 35 фактісі тіркелген. Мұндай оқиғалардың басым бөлігі Алматы, Шымкент, Қарағанды және Шу станцияларының учаскелерінде орын алған. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Бұл әрекеттердің көпшілігін өз іс-әрекетінің қауіптілігі мен зардаптарын толық түсіне бермейтін кәмелетке толмағандар жасайды.  

Көліктегі полиция департаменті ата-аналарды жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, оларға теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіздік қағидаларын үнемі түсіндіріп отыруға шақырады.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды