«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес

Жаңалықтар
10.08.2026, 11:28
Сурет: polisia.kz
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алматы – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызы Астана-1 станциясына келіп тоқтаған сәтте көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері вагондарда жедел алдын алу іс-шарасын жүргізді. Оған кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологтары да қызметтік иттерімен бірге қатысты.

Айтулы рейд «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау, жою және тыйым салынған есірткі заттарын тасымалдау, өткізу фактілеріне тосқауыл қоюға бағытталған «Қарасора-2026» жалпыреспубликалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді.

Пойыз тоқтап тұрған кезде көлік полицейлері кинологтармен бірге бірнеше вагондарды, жүк бөлімдері мен ортақ пайдаланылатын орындарды тексерді. Тыйым салынған заттарды анықтауға баса назар аударылды. Жолаушылар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер азаматтарға есірткіні тұтыну мен таратудың зардаптары туралы айтып, қолданыстағы заңнама талаптарын жан-жақты түсіндірді және тыйым салынған заттарды сақтау, тасымалдау және өткізу үшін көзделген қылмыстық жауапкершілікті еске салды. Сонымен қатар жолаушыларға есірткі қылмысына тартылу белгілерін қалай анықтауға болатыны және күмәнді жағдайлар анықталған кезде қайда жүгіну қажеттігі туралы ұсынымдар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды.

Аталған іс-шара басталғаннан бері көліктегі ПД-да есірткіге қатысты 58 құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтаудың – 2, өткізудің – 11, контрабанданың 3 фактісі, сонымен қатар құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 3 фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан 168 келіге жуық түрлі есірткі заттары тәркіленді. Мәселен, жедел-профилактикалық іс-шара барысында теміржол өткелінде Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде одан 103 келіден астам қарасора өсімдігі тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл