ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады

Жаңалықтар
15.08.2026, 10:00

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев жұмыс сапары барысында Алматы және Алматы облысының теміржол нысандарының жұмысымен танысты, депхабарлайды Rail-news.kz.

Алматыда ҚТЖ басшысы ауданы 9,8 га болатын Zhetysu логистикалық кешеніне барды. Оның жобалық қуаты жылына 115 мың ЖФБ құрайды. Кешенге контейнерлік және автомобиль алаңдары, ауданы 23,3 мың шаршы метр қойма, екі темір жолы және уақытша сақтау қоймасы кіреді.

 Алматы-1 станциясында Елжас Отыншиев тәулік бойы жүк пойыздарын құруды және таратуды қамтамасыз ететін сұрыптау дөңесін қарап шықты. Дөңестің өңдеу қабілеті тәулігіне 1 659 вагонды құрайды.

Станция бір уақытта 66 жұп жүк пен 34 жұп жолаушылар пойызына қызмет көрсетуге арналған. Мұнда 340 қызметкер жұмыс істейді. Олар вагондарды өңдеуді, пойыздарды құру мен таратуды, сондай-ақ вагондарды кірме жолдарға беруді және жинауды қамтамасыз етеді.

Алматы локомотив пайдалану депосында Елжас Отыншиев кәсіпорынның жұмысын ұйымдастырумен танысты. Депо Алматы – Шу, Алматы – Сарыөзек және Алматы – Алтынкөл бағыттарына қызмет көрсетеді. Штатта 860 жуық машинист мен машинист көмекшілері бар. ТЭ33А, KZ8A сериялы локомотивтер және СКД6 маневрлік тепловоздар пайдаланылады.

Депода желінің өткізу қабілетін арттыруға арналған пойыздардың аралық қозғалыс жүйесі таныстырылды. Жүйе Жетіген – Алтынкөл учаскесінде қолданылады. Оның негізгі элементі – соңғы вагонға орнатылған және локомотивке құрамның тұтастығы туралы ақпарат беретін артқы жартылай кешені. Жүйе нақты уақыт режимінде құрамның толықтығын бақылауға мүмкіндік береді және қозғалыс қауіпсіздігін арттырады.

Елжас Отыншиев Алматы-1 вокзалын қайта жаңарту барысымен жеке танысты. Перрон негізін салу аяқталып, құрылыс пен әрлеу жұмыстары жалғасуда, инженерлік желілер мен өткелдер жаңартылуда. Вокзалдың ауданы 17 мың шаршы метрден асады, жолаушылар ағыны – тәулігіне 6 мыңнан астам адам.

Жаңарту кезеңінде жолаушыларды отырғызу схемасы өзгертілді. Уақытша навигациялық көрсеткіштер орнатылып, кассалар мен уақытша күту залдары жұмыс істейді. Елжас Отыншиев жұмыс қарқынын жеделдетуді және белгіленген кестенің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Алматы облысында компания басшысы Қазыбек бек станциясының жаңартылған вокзалын және қосымша темір жолдарының құрылыс барысын қарап шықты. 1960 жылы салынған вокзал ғимараты жаңартылғаннан кейін үш есеге жуық 236,7 шаршы метрге дейін кеңейтілді .

Жетіген станциясында теміржол саласында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын мердігер ұйымдармен кеңес өткізілді.  

Атап айтқанда, ұзындығы 75 км Қазыбек бек – Жетіген айналма теміржол желісінің құрылысы талқыланды. Жобаны іске асыру Алматы теміржол торабы жүктемесін түсіруге, өткізу қабілетін арттыруға және «Қытай – Еуропа» мен «Қытай – Орталық Азия» халықаралық көлік дәліздері арқылы жүктердің өту мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

 

Сондай-ақ ұзындығы 127,6 км Дарбаза – Мақтаарал және ұзындығы 323 км Мойынты – Қызылжар теміржол желілерін салу жобалары қаралды.

Кеңесте жобаларды іске асыру мерзімдерін және орындалатын жұмыстардың сапасын сақтауға баса назар аударылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Алматы теміржол торабының жұмысы мәселелері бойынша кеңес өтті. Негізгі тақырыптар Алматы өңірінде тасымалдау процесін ұйымдастыру, теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру, Алматы торабын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру, вокзал кешендерін қайта құру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты