ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде

Жаңалықтар
29.08.2026, 08:00

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев Huawei компаниясының Корпоративтік сату жөніндегі аға вице-президенті Лео Ченмен кездесу өткізді. Тараптар ағымдағы өзара іс-қимылды қорытындылады және Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын одан әрі технологиялық жаңғырту жөніндегі стратегиялық жоспарларды белгіледі, деп хабарлайды Rail-news.kz

Келіссөздер барысында ҚТЖ логистикалық процестерінің қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған озық цифрлық шешімдерді енгізуге басты назар аударылды. Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар бірнеше жобаны егжей-тегжейлі талқылады. Соның ішінде, LTE-R байланыс желісін өрістету: теміржол көлігі үшін деректерді үздіксіз беруді және пойыздар қозғалысын сапалы үйлестіруді қамтамасыз ететін сымсыз технологиялық байланыстың мамандандырылған стандартын енгізу.  

Сондай-ақ, Деректерді өндеу  орталығын (ДӨО) құру: аналитикалық жүйелер мен жасанды интеллекттің жұмысын қамтамасыз ету үшін Huawei жетілдірілген есептеу карталарын біріктіруді қоса алғанда, деректерді сақтау мен өңдеудің жоғары технологиялық инфрақұрылымын салу талқыланды. Сонымен қатар, сөз  Интеллектуалды басқару орталығын (ИБО): нақты уақыт режимінде кешенді мониторинг, технологиялық процестерді визуализациялау және теміржол желісін жедел басқару үшін ахуалдық орталықты орналастыруды іске қосу туралы болды. Тараптар киберқауіпсіздікті күшейтуді: ҚТЖ-ның маңызды цифрлық инфрақұрылымын заманауи ақпараттық қатерлерден қорғау үшін арнайы киберқауіпсіздік орталығын құруды да талқылады.

Кездесу барысында Huawei-мен стратегиялық әріптестік ҚТЖ-ға компанияның өңірдің жетекші цифрлық логистикалық операторына айналуын жеделдете отырып, үздік әлемдік тәжірибелер мен инновацияларды енгізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады