Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы

Жаңалықтар
29.08.2026, 21:21

Достық және Алашаңқай  станцияларында Қазақстан мен Қытайдың шекаралық теміржол станцияларында III халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтіп, онда екі елдің болат магистральдарының үздік мамандары бақ сынасты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол қатынасы жүк тасымалы көлемінің тұрақты өсуін көрсетіп отыр. Шекаралық өткелдер жүктердің транзитін қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істейді, Алайда, миллиондаған тонна мен пойыз қозғалысының қатаң кестесінің артында әрқашан адами фактор бар – күнделікті екі ірі көлік жүйесінің түйісуін қамтамасыз ететіндердің кәсібилігі. Екіжақты байланыстарды нығайту, озық тәжірибе алмасу және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру мақсатында кәсіби шеберлік конкурсы ұйымдастырылды. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, бұл трансшекаралық серіктестіктің айқын дәлелі болды

.

Жарыстың ауқымы мен маңыздылығын делегациялардың құрамы көрсетіп берді. Қазақстандық делегацияны «Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев басқарды. Достық станциясындағы Қытай тарапынан ҚХР теміржолшылар кәсіподағының төрағасы – «Үрімші темір жолы» ЖШҚ бас директорының орынбасары Лю Ан мырза, сондай-ақ жетекші сарапшылар, бөлімше басшылары және қызметі шекара маңы инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты құрметті қонақтар болды.

Алашаңқай станциясында ҚХР делегациясын Бүкілқытайлық теміржолшылар кәсіподағы федерациясының төрағасы Чен Сяньдун мырза басқарды, сондай-ақ «Үрімші темір жолы» ЖШҚ Басқарма Төрағасы Гао Цзянь мырза бастап келді. Жалпы конкурсқа Алтынкөл, Достық және Қорғас, Алашаңқай станцияларының өкілдері қатысты.

Халықаралық аренадағы қазақстандық теміржолшылар мектебін өз ісінің танымал шеберлері – Достық және Алтынкөл станцияларының негізгі шекара тораптарының намысын қорғайтын өндірістің озық шеберлері паш етті.  

Шиеленісті жарыстардың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен көшбасшылар анықталды. Мамандардың мамандыққа деген адалдығы, филиграндық шеберлігі мен үздік дағдыларын көрсетті: пойыз құрастырушылар – Дидар Әскер (Алтынкөл), Бағлан Сағанаев (Достық), Ерканат Қуандықов (Алтынкөл) және Абылай Мұратов (Достық); вагон тексерушілер – Амангелді Дүтбаев (Алтынкөл), Ерлан Жанболысов (Достық), Нұрмұхамбет Қасымхан (Алтынкөл) және Еділ Жұмабаев (Достық); краншылар – Диас Базарбаев (Достық) және Рүстем Омаров (Алтынкөл); ричстакер жүргізушілері – Медет Жиентаев (Алтынкөл) және Бағлан Сүйінішов (Достық).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы мүсіншелермен және сыйлықтармен марапатталды.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті